Басшылық

Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы

Қойбақов Серік Мамыртайұлы

Қойбақов Серік Мамыртайұлы, 1956 жылы Жамбыл облысы, Шу ауданы, Ленинское ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ, білімі жоғары, 1979 жылы Қазақ ауыл шаруашылық институтын Орман шаруашылығы инженері мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1979 жылы Жамбыл облысы орман шаруашылығы және орман қорғау басқармасының Луговой орман мелиоративтік бекетінде орманшы болып бастаған.
08.1984-10.1986 жылдары Жамбыл облыстық орман шаруашылығы және ормандарды қорғау басқармасының Жамбыл орман шаруашылығы Мақпал орманшылығының орманшысы, аға орманшысы, 1986-1988 жылдары Жамбыл облыстық орман шаруашылығы және ормандарды қорғау басқармасының Луговой орман шаруашылығы мекемесінің директоры, 1988-1993 жылдары Жамбыл облыстық орман шаруашылығы және ормандарды қорғау басқармасының Луговой орман шаруашылығының аға орманшысы, 1993-1995 жылдары Жамбыл облыстық орман шаруашылығы және ормандарды қорғау басқармасының Ақыртөбе орман шаруашылығының аға орманшысы, 1998-2000 жылдары Жамбыл облыстық орман шаруашылығы және ормандарды қорғау басқармасының Жамбыл орман және аң шаруашылығы мекемесі директорының орынбасары, 2000-2006 жылдары «Тараз Орманы» РМК директорының орынбасары, 2006-2009 жылдары облыс әкімдігінің Меркі ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің директоры, 2009-2015 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары. 2015 жылдың 22 қаңтарында Жамбыл облысы әкімінің №33-ө өкімімен Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып тағайындалды.


Сапаралиев Жақсылық Мырзабекұлы

Сапаралиев Жақсылық Мырзабекұлы 1980 жылы 25 шілдесінде туылған, білімі жоғары, 2001 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетін «Халықаралық экономикалық қатынастар», 2014 жылы Жамбыл Гуманитарлық-техникалық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек  жолын 2002 жылы Тараз қаласының қаржы бөлімінде жетекші маман болып бастаған. 2005-2009 ж.ж. – Тараз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімінің бөлімше бастығы, басшысының орынбасары, басшы қызметтерін атқарған.

2009-2010 ж.ж. – «Жамбылжолқұрылыс» ЖШС-нің қаржы бөлімінің бастығы.

01.2010 ж. — 07.2010 ж. –Тараз қаласы әкімінің бас инспекторы, Тараз қаласы әкімінің кеңесшісі.

07.2010 г. – 12.2010 г. – Тараз қаласының әкімдігінің қаржы бөлімінің басшысы.

12.2010 г. – 03.2017 г. –Тараз қаласы әкімінің орынбасары.

2017 жылдың 24 наурызынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарады.


Тастүлекова Гүлнар Сабитқызы

 Тастүлекова Гүлнар Сабитқызы 1967 жылы 13 наурызында туылған, білімі жоғары, 1990 жылы Алматы темір жол транспорт инженерлі институтын «Темір жол транспортында тасымалдау процестерін басқару жөніндегі жол қатынас инженері» мамандығы бойынша бітірген, экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек  жолын 1995 жылы Ақмола қаласының Темір жол техникумында оқытушысы болып бастаған. 1997-2012 ж.ж. – Астана қаласындағы темір жол саласында әр-түрлі қызметтерін атқарған.

2012-2014 ж.ж. – Астана қаласындағы Көлік және коммуникация колледжінің оқытушысы.

2014 г. –2017 ж.ж. –Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының «Тараз-Арена» ШЖҚ КМК-да директорының орынбасары, директор қызметтерін атқарды.

2017 жылдың 24 қаңтарынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарады.


Заурбеков Максат Молдабаевич

Заурбеков Максат Молдабаевич 1978 жылы 3 маусым туылған, білімі жоғары, 2000 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университеті «Орман шаруашылығы инженері мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек  жолын 2003 жылы Т.Рысқұлов ауданында «Ақ-бұлақ» ЖШС-нде жұмысшы болып бастаған.

01.2003 — 01.2003 Жұмысшы. «Ақ-бұлақ» ЖШС-гі,  Т.Рысқұлов ауданы
01.2005 — 01.2007 Директор орынбасары, «Қайнар-Агро» ЖШС-гі,. Т.Рысқұлов ауданы
02.2007 — 07.2008 Аға орманшы, Жамбыл облысы әкімдігінің Луговой ормандары және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі, Т.Рысқұлов ауданы
07.2008 — 03.2010 Инспектор, Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының арнайы күзет тобы, Тараз қаласы
03.2010 — 08.2012 Директорының орынбасары, Жамбыл облысы әкімдігінің Луговой ормандары және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі, Т.Рысқұлов ауданы
08.2012 — 05.2016 Жетекші маман,  бас маман, бөлім басшысы Жамбыл облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инпециясы, Тараз қаласы
05.2016 — 08.2017 Бөлім басшысы, Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімі, Тараз қаласы.
08.2017 Бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары, Тараз қаласы.
Top