«Бірге- Таза Қазақстан» акциясы бүгінде жалғасын тапты

Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы «Бірге – Таза Қазақстан» экологиялық науқанды қолдау мақсатында ағымдағы жылдың 3 тамызы күні облыстағы су қоймаларды тазалау бойынша сенбілік өткізді. Сенбілікке басқарма қызметкерлері және басқармаға қарасты «Жамбыл су қоймалары» КММ-нің аудандардағы 5 бөлімшелерінің қызметкерлері ат салысты. Жалпы, бұл сенбілікке бас аяғы 55 адам қатысты.

Сенбілік барысында барлығы 8 су қойма («Үшбұлак» каналы, «Көктал», «Сеңгірбай», «Қазақбай», «Бөлекқызыл», «Қызыләуіт», «Белогорка», «Алты айғыр») тазаланып, барлығы 4,6 тонна қоқыс шығарылды.

#Бірге_Таза_Қазақстан_акциясы
#Табиғатты_аялайық!

Top

Egov