Әкімшілік ұйымдастыру және персоналды басқару бөлімі

Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 2016 жылғы 26 шілдесіндегі №107 ө бұйрығына 1-қосымша

Әкімшілік, ұйымдастыру және персоналды басқару бөлімі туралы

ЕРЕЖЕ

  1. Жалпы ережелер
  1. Әкімшілік, ұйымдастыру және персоналды басқару бөлімі (әрі қарай — Бөлім) Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының (әрі қарай — Басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Құрылымдық бөлімше өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Бөлімнің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды адамы бекітеді.
  1. Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары

 

  1. Бөлімнің міндеттері:

1) Басқарманың ұйымдастыру – бақылау жұмыстарын қамтамасыз ету;

2) Басқармада құжатайналымын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес жүргізілуін қамтамасыз ету;

3) Мемлекеттік органның персоналды басқарудың тұтас жүйесін қалыптастыру;

4) Басқарма бойынша өтетін іс шараларды ұйымдастыру;

5) Лауазымды міндеттері шеңберінде Басқарма басшылығының басқа да тапсырмаларын орындау.

  1. Бөлімінің функциялары:

1) басқармада, оның құрылымдарында құжаттардың Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік-құқықтық актілер туралы» Заңдары талаптарына, облыс әкімі аппаратының Іс жүргізу жөніндегі Нұсқаулығына сәйкес біртұтас тәртіппен жүргізілуін қамтамасыз етеді;

2) бөлімге келіп түскен құжаттарды уақтылы тіркеп, сараптама жүргізе отырып, тиісті орындаушы лауазым иелеріне жеткізуді ұйымдастырады және орындалуын бақылауда ұстайды;

3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2008 жылғы 23 қаңтардағы «Мемлекеттік органдардың қызметтік ақпаратпен жұмыс істеу ережесі» № 51 қбп қаулысына сәйкес «қызмет бабында пайдалану үшін» белгісі бар құжаттармен жұмысты жүргізеді (кіріс құжаттарды тіркеу және орындаушыларға  жеткізу, олардың кері қайтарылуына, істердің бастапқы қалыптасуына бақылау жасау);

4) облыс әкімдігі мәжілісіне ұсынылатын материалдардың облыс әкімдігінің Регламентіне сәйкес дайындалуын ұйымдастырады;

5) жоғарғы органдардан түскен және облыс әкімімен, әкімдігімен қабылданған бақылауға алынған актілердің уақтылы орындалуын қадағалайды, олардың тізбесін жасайды;

6) басқарма басшысымен өткізілетін кеңестерге қатысып, хаттамалайды және олардың орындалуына бақылау жүргізеді;

7) Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарына сәйкес жеке тұлғалардың өтініштері бойынша іс жүргізудің және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша іс жүргізудің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен іс жүргізудің басқа түрлерінен бөлек жүргізілуін қамтамасыз етеді;

8) азаматтар мен ұйымдардың бөлімге келіп түскен арыздарын тіркейді және оның орындаушыларға жеткізілуін қамтамасыз етеді, орындалуына бақылау жүргізеді;

9) басқарма басшысының және оның орынбасарларының азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес қабылдау жүргізулерін ұйымдастырады;

10) облыс әкімінің атына азаматтар мен ұйымдардан келіп түскен арыздарға талдау жүргізеді;

11) Облыс әкімінің қаулысын, өкімін, шешімін және облыс әкімі орынбасарларының, аппарат жетекшісінің тапсырмаларын, басқарма басшысының бұйрығын және оның орынбасарларының берген өзге де тапсырмалардың орындалуын ұйымдастыру және орындалуын бақылауға алады;

12) Мұрағат жұмыстарын жүргізеді;

13) Басқарма бастығының бұйрық жобаларын дайындайды;

14) Мемлекеттік органның персоналды басқару стратегиясын әзірлеу және іске асыру;

15) Мемлекеттік органның кадрларға, оның ішінде мамандықтар және біліктіліктер бойынша қажеттілігін талдау және жоспарлау;

16) Мемлекеттік органның кадр құрамын қалыптастыру және конкурстық іріктеуді ұйымдастыру;

17) Мемлекеттік органның кадр мониторингі және кадрлық іс жүргізуді, оның ішінде «е-қызмет» персоналды басқарудың ақпараттық жүйесі арқылы жүргізу;

18) Мемлекеттік органда кәсіби бейімделу мен тәлімгерлікті ұйымдастыру;

19) Мемлекеттік органның кадрлардың кәсіби дамыуын, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерді белгіленген мерзімдерге сәйкес тағлымдамалардан, даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру жолмен қамтамасыз ету;

20) Конкурстық, тәртіптік, аттестаттау және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

21) Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне аттестаттау мен оқытуды, соның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай автоматтандырылған деректер базасында (ақпараттық жүйесінде), қызметін өткеру, қызметтік тексерулер мен тоқтату рәсімдерін сақтауына, бағалау жүргізуді қамтамасыз ету;

22) Кадрларды іріктеуді ұйымдастырады, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды ресімдеу, мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін есепке алуды жүзеге асыру, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалауды  жүргізуді ұйымдастыру.

23) Мемлекеттік органда еңбек заңнамасы мен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету, еңбек режимі мен жағдайларының сақталуын, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді қамтамасыз ету;

24) Мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік және құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету, мемлекеттік органның актісімен бекітілетін мемлекеттік қызметшілерді көтермелеуді қолдану тәртібін әзірлеу.

 6.Құқығы және міндеттері

 Бөлімнің құқығы:

1) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері мамандарының арасында жүктелген қызметтік міндеттерін уақытылы және толық орындалуын талап ету;

2) Өз құзыры шегінде сыртқы ұйымдармен қарым-қатынасты іске асыруға;

3) Басқарма жұмыстарын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге;

4) Жұмыстарын өз бетінше жоспарлауға;

5) Өз құзыры шегінде нұсқауларды орындау үшін міндеттемелер беруге;

6) Басқарма бөлімдерінен өзінің қызметін орындау үшін қажетті ақпараттарды және құжаттарды талап етуге және алуға құқылы;

7) Мемлекеттік тәртіп пен еңбек тәртібін сақтау.

Бөлімнің міндеттері:

1) Қазақстан Республикасының заңдарына, Басқарма Ережесіне және осы бөлімнің Ережесіне сәйкес берілген міндеттер мен функцияларды тиісті мерзімінде сауатты және сапалы орындау;

2) бөлім қызметкерлері еңбек тәртіптілігін сақтауға міндетті және тиісті қолданыстағы заңнамаларға сәйкес белгіленген тәртіппен тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

  1. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру
  1. Басқарманың әкімшілік, ұйымдастыру және персоналды басқару бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.
  2. Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен басқарма басшысының бұйрығымен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім басшысы басқарады.
  3. Бөлімнің басшысы құрылымдық бөлімшенің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және басқарманың құрылымдық бөлімшесіне жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.
  4. Бөлім басшысы:

1) бөлім мамандарының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

2) Қазақстан Республикасының заңдарына және Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  1. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бөлім атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға бөлімнің басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.
Top