Экологиялық сараптама және табиғат пайдалануды реттеу бөлімі

ЕРЕЖЕ

 1.Жалпы ережелер

  1. Экологиялық сараптама және табиғат пайдалануды реттеу бөлімі (бұдан әрі-Бөлім) Жамбыл облысы Әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының құрылымдық бөлімшесі болып есептеледі.
  2. Бөлім өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Экологиялық кодекске, заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, басқарманың бұйрықтарына және өкімдеріне, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы туралы Ережесіне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары
  4. Бөлімнің негізгі міндеттері:
  • қоршаған ортаға шаруашылық қызметін жоспарлауда және елді-мекен денсаулығына, мүмкін боларлық экологиялық зардаптар сапасын қосқанда нысандардағы экологиялық сараптаманың әсер ету бағасының дұрыс және толықтай орындалғанын анықтау;
  • сарапталатын құжаттардың Қазақстан Республикасының заңдарына, Үкімет қаулыларына, стандарттарына, нормаларына және ережелеріне сәйкес болуын қадағалау;

3)   өз құзырының деңгейінде қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру;

4) қызығушылық білдірген тұрғындарға және органдарға қажетті ақпарат беру;

  1. Бөлім өз құзырының деңгейінде белгіленген заңдылықтар тәртібімен келесідей функцияларды атқарады:

1). Қазақстан Республикасының заңдылықтарына, қолданыстағы нормалар және ережелерге сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізеді және ұйымдастырады;

2) қоршаған ортаға эмиссияларға сұраныс материалдарын қарайды және рұқсат рәсімдейді;

3) берілген рұқсат құжаттары туралы Шу-Талас экология департаментіне және Салық департаментіне ақпарат ұсынады;

4) қоғамдастықпен, сыртқы сарапшылармен, бақылау органдарымен, жобалық құжат дайындаушылармен өзара іс-қимыл жасайды;

5) өте күрделі жобаларды қарауға және қоршаған ортаға ең жоғарғы деңгейдегі кері әсер ететін мекемелердің материалдарын  экологиялық сараптама Кеңесіне  дайындайды;

6) арнайы орындарға шығып, шаруашылық және де басқа қызметтердің қоғамдық пікірді білу үшін өткізілетін қоғамдық тыңдауларға қатысады;

7) көзделген шаруашылықтар мен басқа да қызметтер бойынша шешім қабылдау процессінде және қоршаған ортаға әсер етуді бағалауға қатысты жағдайларда қоғамдастықтарға экологиялық ақпарат беруді қамтамасыз етеді;

8) белгіленген тәртіпте қоршаған ортаны қорғау қызметі туралы ақпараттарды, есеп деректерін құрастырып Шу-Талас экология департаментіне ұсынады;

9) табиғат пайдаланушылар және жобалау ұйымдарымен консультативті-әдістемелік жұмыстар өткізуге қатысады;

10) қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативті-әдістемелік және құқықтық актілерді жобаларын жасауға қатысады;

11) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамаларына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

 

  1. Бөлім өз құзыретінің шегінде:

1) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамалары талаптарына сай келмейтін мемлекеттік сараптауға ұсынылған материалдарды қабылдамай тастауға;

2) мемлекеттік экологиялық сараптама жасалатын объекттіге жан- жақты және объективті баға беру үшін мәні бар, қосымша материалдарды табыс етілуін талап етуге;

3) экологиялық сараптама жүргізуге мамандарды қосымша тартуға;

4) сараптама жұмысын, әдіснамасын ұйымдастыруды жетілдіру, оны жүзеге асыру тәртібі мен принциптері жөнінде ұсыныстар енгізуге;

5) рұқсат алу үшін табыс етілген материалдар толық емес және дұрыс емес болғанда, сұратылған табиғат пайдалану шарттары экологиялық заңнама талаптарына сәйкес келмегенде рұқсат беруден бас тартуға;

6) Мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан және жеке тұлғалардан қажетті құжаттарды, ақпараттарды сұратуға және алуға;

7) өте күрделі жобаларды және қоршаған ортаға жоғарғы деңгейде кері әсер ететін мекемелердің материалдарын сараптама Кеңесінде қарауға;

8) сараптама объектісін іске асырудың қоршаған ортаға жағымсыз зардаптарын куәландыратын мән-жайлар анықталған не тапсырыс беруші жоғарыда аталған қорытынды талаптарын орындамаған кезден бастап бір ай ішінде бұрын берілген мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындыларын кері қайтарып алуға;

9) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындылары алынбаған объектілер туралы мәліметтерді банктер мен өзге де қаржы ұйымдарына табыс етуге;

10) рұқсат беру жүйесін және табиғат пайдаланудың экономикалық тетіктерін жетілдіру мәселелері бойынша халықаралық, республикалық, облыстық семинарлар мен конференцияларға қатысуға;

11). бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттар жариялауға;

12) экологиялық реттеу мәселелері бойынша қоғамдық ұйымдар, мекемелер, табиғат қорғау жобаларын дайындаушылар өкілдерімен семинар-кеңес өткізуге;

13) басшылар өкімімен Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамаларына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқығы бар.

  1. Бөлім қызметін ұйымдастыру,

бөлім бастығының міндеттері мен құқықтары

  1. Бөлімді сараптама бөлімшесінің басшысы болып саналатын, басқарма бастығының бұйрығымен тағайындалатын және босатылатын бөлім бастығы басқарады.
  2. Бөлім қызметкерлерінің саны штаттық кестемен анықталып, қызметкерлер бөлім бастығының ұсынысы бойынша лауазымға басқарма бастығымен тағайындалады және босатылады.
  3. Бөлім бастығы бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, бөлімге жүктелетін міндеттерді, функцияларды және еңбек тәртібін орындау үшін жауапты.
  4. Бөлім бастығының:

1) бөлім қызметкерлерінен орындаушылық және еңбек тәртібінің орындалуын талап етуге;

2) мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындыларына қол қоюға;

3) қоршаған ортаға жағымсыз зардаптарын куәландыратын мән-жайлар анықталған жағдайда бұрын берілген мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындыларын кері қайтарып алуға;

4) мемлекеттік экологиялық сараптама кеңестерін басқаруға, олардың қызметін ұйымдастыруға;

5) басқарма басшылығына:

— қызметкерлердің біліктілігін көтеру үшін оқытуға, еңбек демалыстарын беру туралы;

— бөлімнің жұмыстарын жетілдіру бойынша;

— бөлім қызметкерлерін ынталандыруға, тәртіптік жазаға тартуға және олардың орындарын ауыстыруға ұсыныстар беруге құқығы бар.

  1. Мемлекеттік сараптаманы ұйымдастыру мен жүргізу кезінде сараптама бөлімшесінің басшысы тәуелсіз болады және Жамбыл облысы Әкімдігінің 2009 жылғы 26 наурыздағы № 104 қаулысымен бекітілген «Сараптамалық бөлімшесінің тәуелсіз басшысы туралы Ережеге» сәйкес іс-әрекет жасайды.
Top