Орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімі

Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік орман қорының жерлерін орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттар үшін жер учаскелерін басқа санаттардағы жерлерге ауыстыруды қарау бойынша арнайы комиссия отырысының ХАТТАМАСЫ


«Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты Меркі ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі»коммуналдықмемлекеттікмекемесінің орман қоры жеріндегі «Қарақыстақ» кен орнынан алтын желілі ұнтағын өндіру үшін 176,97 гектар алаңдағы жерді басқа санатқа ауыстыру.


Жеке тұлғалардың мемлекеттiк орман қоры аумағында болуына тыйым салу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы

Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Орманда өрт қаупi жоғары болып тұрған кезеңдерде (ағымдағы жылдың 1 маусымнан 20 қыркүйегіне дейін) жеке тұлғалардың мемлекеттiк орман қоры аумағында болуына тыйым салынсын.
  2. Аудан әкімдері және «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі — Басқарма) өз құзыреті шегінде:

1) халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы да;

2) мемлекеттiк орман қоры аумағына кіреберістерді шлагбаумдармен жабдықтауды, тәулік бойы аумақтардың периметрі бойынша патрульдеуді ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Басқарма заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;

3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. Нұралиевке жүктелсін.
  2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 


Орман шаруашылығы бөлімі

 

Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының атқаратын жұмыстары бірнеше саладан тұрады, соның негізгі салаларының бірі «Орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар» бөлімі.

Орман шаруашылығы басқа салалардан өндіріс үдерісі циклінің ұзақтығымен ерекшеленеді. Сондықтан ол мемлекеттік бюджет қаржысы есебінен жүргізіледі.

Облыс аумағындағы ормандарды қорғау, қорын молайту және жаңадан орман өсіру шараларымен, аудандарда орналасқан 14 орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері мен «Ормандарды қорғау жедел қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызмет атқарады. Орман шаруашылығы мекемелерінің алдына қойылған негізгі міндеттері – облыс аумағындағы ормандарды сақтау, өрттен, аурулар мен зиянкестерден қорғау, орманды жерлердің көлемін ұлғайту, елді мекендердің айналасын көгалдандыру, орман ресурстарын ұтымды пайдалануды іске асыру.

Бүгінгі күнге облыстағы мемлекеттік орман қорының жалпы аумағы 4,4 млн гектар, оның орман ағаштары көмкерген жері 2,2 млн га.

Орман қоры жерлері облыс жер аумағының 30,8 пайызын, оның ішінде орманды жерлер 15,47 пайызын алып жатыр.

Осы ормандарды қалпына келтіру және жаңадан орман өсіру шараларын іске асыруға – 49,9 млн теңге қаржы бөлінді. Бөлінген қаржының есебінен ерте көктемде орман қоры аумағына сексеуіл және тағы басқа орман көшеттері арқылы – 1700 гектар отырғызылса, ал күзде 3300 гектар көлемде сексеуіл алқаптары тұқымдары арқылы себу көзделіп отыр.

Облыстың мемлекеттік орман қоры аумақтарының және оларға жақын орналасқан ауыл округі жерін өрт қауіпсіздігімен қамтамасыз ету, өрттің алдын алу жөніндегі 2017 жылға арналған бірлескен профилактикалық іс-шаралар жоспары жасалып, облыстық комиссия төрағасымен бекітілсе, дәл осындай құжат аудан әкімдіктерімен әзірленді. Іс-шаралар жоспары облыс көлеміндегі барлық мемлекеттік мекемелерге жіберіліп, 1 сәуірден 1 қарашаға дейінгі аралық өрттің қауіпті кезеңі болып белгіленді. Өртке қарсы тұруға дайындық шаралары басталып, орман қоры жерінде құрамында 404 жасағы бар 51 өрт сөндіретін топ құрылды. Бұған қоса 14 орман шаруашылығы мекемесінің әрбірінде құрамы 9 адамнан тұратын, барлығы 126 ерікті өрт сөндіруші жасақталды. Бұлармен бір мезгілде 57 автокөлік, оның ішінде 10 арнаулы өрт сөндіретін автомашина, 40 трактор соқасымен, 3 тонналық тіркемесі бар 14 бірлік әмбебап цистерна әзірлік сапына қойылып, арқаға асылатын 92 өрт сөндіргіш пен 596 шыртылдақ дайындалды.

Сондай-ақ 36 өрт бақылау мұнарасы қойылып, 16 бекет орнатылды. Сонымен қатар, облыс төтенше жағдайлар департаментімен арадағы келісімге сәйкес, облыстық, аудандық төтенше жағдайлар мен өрт қызметі және ауылдық округ мамандары қатысуымен облыстағы 14 орман шаруашылығында өрт сөндіруге арналған оқу тәжірибелік жаттығу өткізу жоспарланды.

Top