Құқықтық қамтамасыз ету қызметі

Жамбыл облысы әкімдігінің

2016 жылғы «04» шілдедегі

 №  211  қаулысымен бекітілген

«Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат

пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық

мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ

1.Жалпы ережелер

  1. «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (әрі қарай-Басқарма) тұрғын халықтың аман-сау, қауіпсіз және қолайлы өмір сүруінің негіздері ретінде қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру, табиғи ресурстарды тиімді, орнықты пайдалану, орман-тоғайлы аумақтарды ұлғайту және өсімдіктер мен жануарлар әлемінің биоалуандығын сақтау, қоршаған ортаның сапасын жақсарту,су объектілерін ұтымды пайдалану мен қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. Басқарманың ведомстволары жоқ.
  3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  4. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  6. Басқарма егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіпппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  9. Заңды тұлғаның орналасқан жері:

Почталық индекс 080012, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Абай даңғылы, 133 «А».

  1. Мемлекеттік органның толық атауы — «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі».
  2. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
  3. Басқарма қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен жүзеге асырылады.
  4. Басқарма кәсіпкерлік субьектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2.Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

  1. Басқарманың миссиясы:

тұрғын халықтың аман-сау, қауіпсіз және қолайлы өмір сүруінің негіздері ретінде қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру, табиғи ресурстарды тиімді, орнықты пайдалану, орман-тоғайлы аумақтарды ұлғайту және өсімдіктер мен жануарлар әлемінің биоалуандығын сақтау, қоршаған ортаның сапасын жақсарту, су объектілерін ұтымды пайдалану мен қорғау.

  1. Міндеттері:

1) міндеттелеген функциялар мен өкілеттікке сәйкес бюджеттік бағдарламалар әкімшісі функциясын атқаруға;

2) орман, су, аң шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау салаларында мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қатысу;

3) табиғат қорғау іс-шаралары стратегиясын әзірлеу жөніндегі жұмысты үйлестіру. Қоршаған ортаны қорғауға, жақсартуға, су, орман және аңшылық ресурстарын, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің өзге де ресурстарын реттеу мен тиімді пайдалануға халықтың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған басымды аймақтық-экологиялық бағдарламалар мен іс-шараларды қаржыландыру.

  1. Функциялары:
  • мемлекеттік орман саясатын қалыптастыру және оны іске асыру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдауға қатысады;
  • ормандарды күзетудi, қорғауды, молықтыру мен орман өсiрудi ұйымдастырады және қамтамасыз етедi, функционалдық қарауындағы мемлекеттiк орман қоры аумағында орман пайдалануды реттейдi;
  • орман мекемесінің аумағында орман өрттерінiң алдын алу және олармен күрес жөнiндегi iс-шараларын әзірлеуді және олардың орындалуын iске асыруды ұйымдастырады;
  • жеке және заңды тұлғаларды, сондай-ақ ұйымдардың өрт сөндiру техникаларын, көлiктерi мен басқа да құралдарын ормандағы өрттердi сөндiруге тарту тәртiбiн айқындайды, осы жұмысқа тартылған жеке тұлғаларды жүрiп-тұру өрт сөндiру құралдарымен, тамақпен және медициналық көмекпен қамтамасыз етедi;
  • орман мекемесінің аумағындағы өрттерді сөндіру үшін өрт қауіпі бар маусымға жанар-жағар май материалдарының резервін жасайды;
  • шаруа және фермер қожалықтары мен өзге де ауыл шаруашылығы ұйымдарының орман қорына іргелес аумақтардағы ауыл шаруашылығы алқаптарында, жайылымдық және шабындық жерлерде сабантүбін, аңыздары және өзге де өсімдік қалдықтарын өртеуіне бақылау жасауды қамтамасыз етеді;
  • өртке қарсы насихатты, бұқаралық ақпарат құралдарында ормандарды сақтау, ормандарда өрт қауiпсiздiгi ережелерiн орындау туралы мәселелердiң тұрақты берiлуiн ұйымдастырады;
  • облыс аумағында ормандағы өртке қарсы күрес жөнiндегi жұмыстарды үйлестiредi, қажет болған жағдайда осы мақсатта арнайы комиссиялар құрады;
  • орман зиянкестерi мен ауруларын, олардың түр құрамын, санын және таралуын анықтау жөніндегі жұмысты жүзеге асырады, зиянды жәндіктер мен аурулар ошақтарының жүйелі есебін жүргізеді;
  • орман зиянкестерi мен ауруларына қарсы күресте авиахимиялық, авиабиологиялық және аэрозольдық iс-шаралар жүргiзген кезде, сондай-ақ орманда өрт қаупi жоғары болып тұрған кезеңдерде жеке тұлғалардың мемлекеттiк орман қоры аумағында болуына тыйым салу туралы, орман пайдалану құқығын шектеу туралы қаулының жобасын әзірлейдіы;
  • уәкiлеттi органға беру үшiн өзінің функционалдық қарауындағы орман қорының мемлекеттiк есебi, мемлекеттiк орман кадастры, мемлекеттiк орман мониторингi жөнiнде материалдар әзiрлейдi;
  • мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін (сүректі түбірімен босату үшін мөлшерлемелерді қоспағанда) жобаларын әзірлейді;
  • уәкілетті органның және облыстың жергілікті өкілді органының қатысуымен өздерінің қарауындағы мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын ұзақ мерзімді пайдалануға беру жөнінде тендерлер ұйымдастырады және өткізеді;
  • өздерінің функционалдық қарауындағы мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану құқығын, сондай-ақ ормандардың жай-күйiне және молықтырылуына қауiп төндiретiн жұмыстарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтата тұрады, шектейдi, тоқтатады;
  • орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген, өз қарауындағы мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілерін салуға учаскелер береді және осы учаскелерді осындай объектілер салу үшін пайдалануға рұқсат береді;
  • мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады;
  • мемлекеттік орман қоры аумағында аң аулау мен балық аулау ережелерін сақтауды қамтамасыз етеді;
  • биотехникалық іс-шараларды жүргізеді;
  • жануарлар дүниесінің есебін жүргізуді қамтамасыз етеді;
  • жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін әзірлейді және облыс әкімдігіне бекітуге ұсынады;
  • жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру жөнінде шешімдерді дайындау мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу шешімдердің жобаларын дайындайды;
  • уәкілетті органмен келісе отырып, жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнінде шешімдердің жобаларын дайындайды;
  • бір облыстың аумағында орналасқан, жергілікті, халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын бекітіп беру бойынша конкурстар өткізеді;
  • аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары үшін жануарлар дүниесін пайдаланушыла рға аңшылық алқаптарды бекітіп беру бойынша конкурстар өткізеді;
  • сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiн интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру, сондай-ақ қолдан өсiру жөнiндегi қызметтi ұйымдастырады;
  • балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң резервтiк қорын қорғауды ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
  • ғылыми ұсынымдар негізінде балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттауды жүргізеді;
  • рекреациялық балық аулау аймағын белгілейді;
  • балық шаруашылығы учаскелерінің шекараларын белгілейді, ұйықтарды (ұйықтық учаскелерді) ашады және жабады;
  • екі және одан да көп облыс аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттеу үшін аулау, сондай-ақ сирек кездесетін және құрып бара жатқан жануарлар түрін қоспағанда, жануарлар әлемін пайдалануға рұқсат береді;
  • уәкілетті органмен келісе отырып, өздерінің қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару жоспарларын әзірлейді және бекітеді, оларды күзетуді, қорғауды және қалпына келтіруді, сондай-ақ ғылыми зерттеулер жүргізуді қамтамасыз етеді;
  • жануарларға ауырып қалған, бекітіліп берілген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде олардың қырылу қауіпі төнген жағдайда оларға көмек көрсету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;
  • өздерінің қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару жоспарларын әзірлейді және бекітеді, оларды күзетуді, қорғауды және қалпына келтіруді, сондай-ақ ғылыми зерттеулер жүргізуді қамтамасыз етеді;
  • ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнiндегi жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелерiн әзiрлеу, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемені түзету тәртібін;
  • қоршаған ортаны қорғау саласындағы инвестициялық жобаларды әзірлейді және оларды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органга табыс етеді;
  • қоршаған ортаны қорғау саласында құжаттар әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізеді, мұндай құжаттардың бастамашылық жобаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның қарауына береді;
  • келісімшарт жасасу кезінде өңір халқының әлеуметтiк-экономикалық және экологиялық мүдделерiнің сақталуымен байланысты мәселелердi шешу үшiн жер қойнауын пайдаланушымен келiссөздерге қатысады;
  • аумақтарды әлеуметтік дамыту бөлігінде жер қойнауын пайдаланушылардың келiсiмшарттық міндеттемелерді орындауының мониторингін жүзеге асыруға қатысады;
  • пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздерді жүргізетін жұмыс тобының құрамын бекітеді;
  • кең таралған пайдалы қазбаларды барлауды немесе өндiруді жүргiзуге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру үшiн конкурстарды, дайындайды және ұйымдастырады;
  • жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған жобалау-сметалық құжаттаманың сараптамасын қоспағанда, барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған, кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жобалау құжаттарына сараптама жүргізуді ұйымдастырады;
  • кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісім-шарттарды жасасады, тіркейді және сақтайды;
  • жер қойнауын пайдалану құқығын табыс етуге арналған рұқсаттарды береді, сондай-ақ кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын кепілге салу жөніндегі мәмілелерді тіркейді;
  • жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, теміржолдарды және гидроқұрылыстарды салу (реконструкциялау) және жөндеу кезінде жер қойнауын пайдалану құқығына жазбаша рұқсат береді;
  • кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттардың қолданысын қайта бастау туралы шешімдер қабылдайды;
  • жер қойнауын пайдаланумен байланысты экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық маңызы бар объектiлердiң сақталуына жәрдемдеседi;
  • жергiлiктi маңызы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қорының геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектiлерi мен жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатына жатқызылған айрықша экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар жер қойнауы учаскелерiнiң тiзбелерін бекітеді;
  • кең таралған пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруге және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісім-шарттардың қолданысын қайта бастау туралы шешімдер қабылдайды;
  • кең таралған пайдалы қазбалар және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану бойынша келісім-шарттық міндеттемелердің орындалуына мониторинг пен бақылауды жүзеге асырады;
  • III. IV санаттары нысандарына мемлкеттік экологиялық сараптама жүргізеді;
  • сараптама жұмыстарын жүргізу үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды жүргізуге лицензиясы бар сыртқы сарапшыларды (мамандандырылған сараптама органдарын және жеке азаматтарды) тарту;
  • III. IV санаттағы объектілерге қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат береді;
  • қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асырады;
  • өз құзыреті шегінде қоршаған ортаны қорғау саласында келісімдер және меморандумдар бекітеді;
  • коммуналдық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарын басқарады, оларды қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асырады;
  • су объектілерін ұтымды пайдалану және қорғау, елді мекендерді сумен жабдықтау, су бұру жөніндегі, оның ішінде жерді гидромелиорациялау, су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік бағдарламаларды әзірлейді және оларды іске асырады;
  • су объектiлерiн ұтымды пайдалану мен қорғау жөнiндегi бассейндiк бағдарламаларды iске асырады;
  • жер үстi көздерiнен су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы ставкаларын әзiрлейді;
  • су пайдаланушылар арасында су пайдалану лимиттерін бөледі;
  • жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қоры бар аумақтарда ауызсу және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысы жоқ мақсаттар үшін ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсат береді;
  • су объектілерін конкурстық негізде оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға береді;
  • жер учаскелері иелерінің тапсырыстары бойынша жерлерді мелиорациялауды жоспарлайды;
  • су қорғау аймақтары мен белдеулерін орнатады және оларды шаруашылықта пайдалану тәртіптемесін белгілейді;
  • шағын су объектiлерiнiң сарқылуын, ластануын және тозғындауын болғызбау мақсатында су объектiлерiн кешендi пайдалану мен қорғаудың бассейндiк бағдарламаларында және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының су объектiлерiн ұтымды пайдалану мен қорғау жөнiндегi өңiрлiк бағдарламаларында оларды қорғау және қалпына келтiру жөнiндегi iс-шаралар кешенi жеке қарастырылады;
  • судың зиянды зиянды құбылыстардың алдын алу және оларды жою жөнiнде iс-шаралар жүргiзеді;
  • аса қауіпті су шаруашылығы құрылыстары мен жүйелерін қалпына келтіру бойынша іс-шараларды қаржыландырады;
  • пайдалануға берілетін нысандарды заңнамада белгіленген тәртіппен қабылдап алу және тіркеуден өткізу жұмыстарын ұйымдастырады;
  • пайдалануға қабылданатын нысанның құрылысын қадағалауға техникалық қадағалау мен қабылдап алуды ұйымдастырады;
  • елді мекендер шегінде су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;
  • су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
  • жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
  1. Құқықтары мен міндеттері.

Құқықтары;

  • Мемлекттік сатып алудың ұйымдастырушысы болуға;
  • Жеке және заңды тұлғалардан орман қоры мен жануарлар дүниесін және өзге де өсімдіктер ресурстарын пайдалануға белгіленген ережелер, нормалар мен шектеулерді сақтауды талап етуге және бұзушылықтарға жол берілген жағдайда табиғат пайдалану құқығын тоқтату туралы тыйым салуға;
  • мемлекеттік органдардан, басқа ұйымдар мен жеке тұлғалардан мекеме құзырына жататын мәселелер бойынша ақпарат және құжаттар сұрауға және алуға;

4) нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысуға;

5) сотта талапкер және жауапкер болуға;

6) Басқармаға қарасты мекемелерді құру, қайта құру және тарату бойынша ұсыныстар енгізуге;

7) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес негізгі міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.

Міндеті:

Басқарма өз функцияларын қолданыстағы заңнамалардың талаптарына сәйкес жүзеге асыруға міндетті.

  1. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
  1. Басқарма басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
  2. Басқарманың бірінші басшысын облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  3. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
  4. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттілігі:

1) өзінің бұйрығымен мекеме қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, оларға тәртіптік жаза қолданады, сыйақылар береді, материалдық көмек көрсетеді, іссапар құжаттарын рәсімдейді, жыл сайынғы еңбек демалыстарын береді;

2) басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін және қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулығын бекітеді;

3)  басқарманың ішкі еңбек тәртібін белгілейді;

4) басқарманың шығыстар сметасын бекітеді және оның шегінде қаржыға иелік етеді;

5) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;

6) заңда белгіленген тәртіппен басқармаға қарасты мекемелердің штаттық кестесі мен құрылымын бекітеді;

7) заңда белгіленген тәртіппен қарамағындағы мекемелердің басшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

8) заңда белгіленген тәртіппен қарамағындағы мекеме басшыларының орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

9) бас бухгалтерлерін, орманшыларын, аңшылықтанушыларын, барлық санаттағы орман инженерлерін қызметке тағайындау мен босатуға келісім береді;

10)қарамағындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың директорының біліктілік талаптары мен лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

11)мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

12)барлық органдарда Мекеме мүддесін қорғайды;

13)банкте есепшоттар ашады және мәмілелер жасайды;

Басқарма басшысына дербес жауаптылық белгілене отырып сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін тікелей міндет жүктеледі.

Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

  1. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
  1. Мемлекеттік органның мүлкі

 Басқарманың заңнамадағы көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік есебінен қалыптастырылады.

  1. Басқармада бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
  1. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
  1. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

«Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің, кәсіпорындардың тізбесі

  • «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Ақкөл ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  • «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Ақыртөбе ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  • «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Байзақ ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  • «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Бұрыл-Байтал ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  • «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Жамбыл ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  • «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Жуалы ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  • «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Көктерек ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  • «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Қарақоңыз ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  • «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Қосқұдық ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  • «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Қордай ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  • «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Луговой ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  • «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Меркі ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  • «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Мойынқұм ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  • «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Сарысу ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  • «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ормандарды қорғау жедел қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  • Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Жамбыл су қоймалары» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  • Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Байзақ ауданынының «Базарбай» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
  • Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Жамбыл ауданынының «Талас-Аса» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
  • Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қордай ауданынының «Қордай берекесі» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
  • Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Меркі ауданынының «Аспара» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
  • Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Шу ауданынының «Тасөткел» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
  • Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Талас ауданынының «Талас» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
  • Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Т.Рысқұлов ауданынының «Құлан-су» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.

24)  Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Сарысу ауданынының «Мұрап» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.

Top