Табиғат қорғау бағдарламасы және кең таралған пайдалы қазба байлықтарды пайдалану бөлімі

Хабарлама мәтіні: Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы 2017 жылы 6 маусымдағы «Комсомольская правда Казахстан» республикалық газетінің № 61(26687) санында жарияланған конкурстың қорытындысын жариялайды:


Қоршаған ортаға эмиссиялардан бюджетке түсетін түсімдер туралы ақпарат


Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларға бюджет шығыстары туралы ақпарат



Табиғатты қорғауға белсендi азаматтық ұстанымды тәрбиелеу

Облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының қолдауымен «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі, ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған іс-шаралар ұйымдастырып келеді.

Осынау өткен шаралардың алғашқыларының бірі — «Менің талым» акциясы болды. Бұл — мектеп оқушылары, лицейлер мен гимназиялар шәкірттеріне бұрыннан таныс, кеңінен таралған шара. Мұнда әрбір оқушы мектептегі, немесе оның тоңірегінен бөлінген жер теліміне өзінің жеке талын отырғызып, мектеп бітіргенше оған күтім жасап, одан кейін бастауыш сыныптың оқушысының қамқорлығына өткізеді.

Мәселен, биыл «Менің талым» акциясы Тараз қаласындағы № 43, 46, 47, 48, 35, 36, 14, 13, 16 и 54 мектептерінің ауласында өтті. Акция барысында 150-ден аса жеміс тал отырғызылып, мектеп аумағы қоқыстан тазаланды.

 

Сондай-ақ көптен қолға алынып келе жатқан акцияның бірі — Тараз қаласының жоғары сынып оқушылары мен студенттерін, жастарды қатыстырумен скверлер мен саябақтарды көріктендіру іс-шараларын өткізуді ұйымдастыру.

Өткен сенбілікте Қайрат Рысқұлбеков атындағы саябақтағы талдарды әктеп, тал бұталарын кесіп, тазарту жұмыстары жүргізілді.

Себілікке Тараз қаласы колледждерінің студенттері, «Жасыл Ел» еңбек жасақтарының сарбаздары, белсенді жастар, ұстаздар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Табиғат қорғау мен табиғат байлықтарына ұқыптылықпен қарауға белсендi азаматтық ұстанымды тәрбиенiң басым мiндеттерiнiң бiрi ретiнде танылады.

 


Әлеуметтік идеялар мен жобалар конкурсы 2017

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасының Қоры «Инновациялық Қазақстан: «жасыл» экономикадан жаңа үлгідегі экологиялық мәдениетке» атты тақырыпқа республикалық әлеуметтік идеялар мен жобалар конкурсын жариялайды.

Конкурстың мақсаты — өзекті әлеуметтік маңызды проблемаларды шешудегі коммерциялық емес қоғамдық ұйымдардың жобалары мен бастамаларын қолдау.

Конкурс келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

1) Жастардың инновациялық потенциалы: «жаңа үлгідегі экологиялық мәдениетті қалыптастыру» (Экологиялық мәдениетті, эко-инновацияны және «жасыл» ғылыми-техникалық және әлеуметтік-мәдени технологияларды, салауатты өмір салтын, азаматтық жауапкершілікті және балалардың патриотизмін, балалар мен жастардың табиғатпен, сәулетпен, әдебиетпен, тарихпен және ана тілінде үйлесімді қарым-қатынас жасау танымын кеңейту мақсатында қоғамның инклюзивтілік принциптері мен әдістерін насихаттау және дәріптеу):

Әлеуметтік идеялар мен жобалар конкурсы — 2017


Мемлекеттік/үкіметтік бағдарламаларды, аумақтарды дамыту бағдарламаларын) іске асыру туралы есеп

 

Есепті кезеңі 2016 жыл

Бекітілген __________________________

Мемлекеттік орган – Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

20_______ жылға дейінгі Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарының стратегиялық бағыты (мемлекеттік бағдарламалар үшін)

отчет ПРТ 2016 каз


Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және

табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 2016 жылғы

26 шілдедегі №107 ө бұйрығына 4-қосымша

 

 

Табиғат қорғау бағдарламасы және кең таралған пайдалы қазба байлықтарды пайдалану бөлімі туралы

ЕРЕЖЕ

  1. Жалпы ережелер
  2. Табиғат қорғау бағдарламасы және кең таралған пайдалы қазба байлықтарды пайдалану бөлімі «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалану басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  3. Құрылымдық бөлімше өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасы Заңы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы», Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі, өзге нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  4. Құрылымдық бөлімшенің құрылымын, штат саның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен басқарма басшысы бекітеді.

 

  1. бөлімінің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары
  2. Міндеті: Табиғат қорғау іс-шаралары стратегиясын әзірлеу жөніндегі жұмысты ұйлестіру.

Функциялары:

1) Табиғат қорғау іс-шараларының басым бағыттарын анықтау, іс-шараларды жоспарлау және оларды қаржыландыру үшін қаражатты бөлу жоспарын әзірлеу;

2) Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу (құжаттар дайындау, конкурстар өткізуге қатысады);

3) Табиғат қорғау іс-шараларын қаржыландыру және ақшалай қаражаттың толық және мақсатты пайдалануына бақылау жасау;

4) Қоршаған ортаны қорғау саласындағы құжаттар әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізеді, мұндай құжаттардың бастамашылық жобаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның қарауына береді;

5) Қоршаған ортаны қорғау саласындағы инвестициялық жобаларды әзірлейді және оларды қоршаған ортаны қорғау уәкілетті органға табыс етеді;

6) Өз құзыреті шегінде қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлейді;

7) Коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуы нормаларын әзірлейді және жергiлiктi өкілді органдарға бекітуге ұсынады;

8) Коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласында қолданбалы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізуді ұйымдастырады;

9) Коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекітеді;

 

  1. Міндеті: Кең таралған пайдалы қазба байлықтарды реттеу және тиімді пайдалану.

Функциялары:

1) Келісімшарт жасасу кезінде өңір халқының әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мүдделерінің сақталумен байланысты мәселелерді шешу үшін жер қойнауын пайдаланушымен келіссөздерге қатысады;

2) Аумақтарды әлеуметтік дамыту бөлігінде жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттық міндеттемелерді орындауының мониторингін жүзеге асыруға қатысады;

3) Пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге, бірлескен барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздерді жүргізетін жұмыс тобының құрамын бекітеді;

4) Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауды немесе өндіруді жүргізуге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру үшін конкурстарды дайындайды және ұйымдастырады;

5) Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған жобалау-сметалық құжаттаманың сараптамасын қоспағанда, барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған, кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жобалау құжаттарына сараптама жүргізуді ұйымдастырады;

6) Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттарды жасасады, тіркейді және сақтайды;

7) Жер қойнауын пайдалану құқығын табыс етуге арналған рұқсаттарды береді, сондай — ақ кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын кепілге салу жөніндегі мәмілелерді тіркейді;

8) Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, теміржолдарды және гидроқұрылыстарды салу (реконструкциялау) және жөндеу кезінде жер қойнауын пайдалану құқығына рұқсат береді;

9) Жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сарапшылық комиссиясының ұсынысы негізінде кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттың орындалуын және қолданысының тоқтатылуын қамтамасыз етеді;

10) Жер қойнауын пайдаланумен байланысты экологиялық, ғылыми, тарихи — мәдени және рекреациялық маңызы бар объектiлердiң сақталуына жәрдемдеседi;

11) Кең таралған пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруге және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттардың қолданысын қайта бастау туралы облыс әкімінің қаулы жобасын әзірлейді;

12) Кең таралған пайдалы қазбалар және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану бойынша келісімшарттық міндеттемелердің орындалуына мониторинг пен бақылауды жүзеге асырады;

13) Құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар, тендерге немесе аукционға шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерінің тізбесін бекітеді;

14) Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ олар жатқан орындарда жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат береді.

 

  1. Құқығы және міндеттері:

1) Мемлекеттік органдардан, басқа ұйымдар мен және жеке тұлғалардан мекеме құзырына жататын мәселелер бойынша ақпарат және құжаттар сұрауға және алуға;

  • 2) Өз құзыреті шегінде сыртқы ұйымдармен қарым-қатынасты іске асыруға;

3) Бақылау жүргізуге байланысты мәселелер бойынша бақылау объектілерінен қажетті құжаттарды, анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсініктемелерді сұрату және өздеріне белгіленген мерзімде алу;

4) Бөлім қызметкерлері мемлекеттік тәртіп және еңбек тәртіптілігін сақтауға міндетті.

 

  1. бөлімінің қызметін ұйымдастыру
  2. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.
  3. Басқарманың басшысы өзінің бұйрығымен бөлім басшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  4. Бөлімнің басшысы бөлімнің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.
  5. Бөлім басшысы:

1) өз өкілеттіктері шеңберінде құрылымдық бөлімшенің қызметін үйлестіреді;

2) Қазақстан Республикасының заңдарына және Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  1. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бөлім атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға бөлімінің басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.

 

 

Top