Жануарлар дүниесін қорғау және балық шаруашылығы бөлімі

Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру жөнiнде конкурс өткiзу қағидаларын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы

Хабарландыру 2017 жылғы   22 қыркүйекте,  сағат  17:30-да   «Жамбыл облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде   

Конкурсная документация


Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру жөнiнде конкурс өткiзу қағидаларын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы

Хабарландыру 2017 жылғы    22 қыркүйекте,  сағат  16-00-де   «Жамбыл облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде   

Конкурсная документация


Жергілікті маңызы бар «Жуалы-Қарашат»  мемлекеттік табиғи қаумалын құру үшін жерді резервте қалдыру туралы


«Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті


«Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде шешімдер қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті


«Жануралар дүниесі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің қаулы жобасы


Жануралар дүниесі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы


Протокол № 4 вскрытия конвертов с конкурсной заявкой


Протокол № 1 вскрытия конвертов с конкурсной заявкой


Протокол № 3 вскрытия конвертов с конкурсной заявкой


Хабарландыру

2017 жылғы 31 наурызда, сағат 16-00-де «Жамбыл облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ( мекен-жайы: Тараз қаласы Абай даңғылы 125, 200 кабинет) «Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру жөнiнде конкурс өткiзу қағидаларын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шарушылығы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 18-04/245 бұйрығына сай:

Жамбыл облысы аумағындағы жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын бекітіп беру жөнінде конкурс өткізіледі:

Конкурстық құжаттама 1

Конкурстық құжаттама 2

Конкурстық құжаттама 3

Конкурстық құжаттама 4

Конкурстық құжаттама 5


Жануарлар дүниесі және балық шаруашылығы бойынша

«Жануарлар дүниесін қорғау» бюджеттік бағдарламасы 11 тонна минералдық азық, 14 тонна жем және 28 тонна шөп әзірленіп аңдардың шоғырланған ортасына жеткізілді , 522 зиянкес жыртқыш аң (қасқыр, шиебөрі) жойылды. Осы бағытқа бөлінген 6 млн 611 мың теңге толық игерілді.

«Ормандарды қорғау, күзету, молықтыру және орман өсіру» бюджеттік бағдарламасы бойынша жануарлар дүниесінің 93 рет есебі алынды және 35 рет рейд пен мониторинг жүргізілді.

Ағымдағы жылдың өткен уақытысында жергілікті маңызы бар «Меркі» мемлекеттік табиғи қаумалы құрылып жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, Меркі ескерткіштерін қорғау жұмыстары іске асырылуда.

Облыс аумағында 48 аңшылық алқаптары бар. Оның 31 табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілді.

Өткен уақытта жануарлар дүниесін пайдалануға (аң аулауға) 795 рұқсат берілді.

Қасақылықпен күрес бойынша 2016 жылы мемлекеттік орман қоры аумағында жануарлар дүниесін қорғау мақсатында табиғат қорғау заңдарының талаптарын бұзғандарға барлығы 134 хаттама толтырылды. 76 заң бұзушыға 964,9 мың теңге айыппұл салынды.

Келтірілген залалды өндіру үшін заң бұзушыларға 554,4 мың теңгенің талабы қойылды. Өндірілген талап 460,9 мың теңге.

Облыс бойынша 2016-2017 жылдарға облыс аумағындағы балық шаруашылығы су айдындарына балық аулау лимиті 1634,37 тоннаны құрайды. 1377 тонна балық ауланды. Табиғат пайдаланушылардан жергілікті бюджетке 22 млн 084 мың 660 теңге түсті.

Жамбыл облысы әкімдігінің қаулысымен жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесіне 117 балық шаруашылығы су айдындары енгізіліп оның, 110 табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілді.

Республикалық маңызы бар Балқаш көлінде тізбеге енгізілген 18 учаскенің 15 табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілді.

«Қоршаған ортаны қорғау іс-шараларын жүргізу» бюджеттік бағдарламасы бойынша резервтік қордағы бекітілмеген, құру қауіпі бар балық шаруашылығы су айдындарына биолого- экономикалық зерттеу, құжаттанлдыру жұмыстары жүргізілуде. Жарты жылдықта 2 млн 217 мың теңгенің жұмыстары атқарылды.


«Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу, оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушысының 2015 жылғы 24 шілдедегі № 190 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының м.а. 2016 жылғы 24 қарашадағы № 265 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14548 болып тіркелді

БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 шілдедегі №190 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11939 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес жануарлар дүниесі объектілерін пайдалануға шектеу мен тыйым салынсын.»;
бұйрықтың орыс тіліндегі 3-тармақтарына өзгерістер енгізіледі, қазақ тілінде мәтіні өзгерілмейді;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген 1-қосымшадағы «Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салу»:
25-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«25. Мына:
1) өсімін молайту кәсіпорындарын (мемлекеттік тапсырысты орындау шеңберінде);
2) ғылыми зерттеу үшін аулауды жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарын;
3) бекіре тұқымдас балық түрлерін аулауға квотасы болған жағдайда мемлекеттік монополия субъектісін қоспағанда, жеке және заңды тұлғаларға бекіре тұқымдас балық түрлерін аулауға, бекіре тұқымдас балықтарды және оның дериваттарын (уылдырығын) пайдалануға тыйым салу енгізілсін.»;
осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын.
2. Жануарлар дүниесі және аңшылық шаруашылығы басқармасы заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеу күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің қазақ және орыс тілдеріндегі бір данасын баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Орман шаруашылығы және
жануарлар дүниесі комитеті
төрағасының міндетін атқарушы Қ. Үстеміров
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрлігі Орман
шаруашылығы және жануарлар
дүниесі комитеті төрағасының
міндетін атқарушының
2016 жылғы 24 қарашадағы
№ 265 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман
шаруашылығы және жануарлар
дүниесі комитеті төрағасының
міндетін атқарушының
2015 жылғы 24 шілдедегі
№ 190 бұйрығына
3-қосымша

Жануарлар дүниесі объектілерін пайдалануға шектеу мен тыйым салу

  1. Осы жануарлар дүниесі объектілерін пайдалануға шектеу мен тыйым салу (бұдан әрі – шектеу мен тыйым салу) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі 310 Қаулысымен бектілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 378) тармақшасына сәйкес және жануарлар дүниесін сақтап қалу және өсімін молайту мақсатында әзірленді.
    2. Шектеу мен тыйым салу жануарларды ғылыми мақсаттарда пайдалануға қолданылмайды.
    3. 16 ақпаннан бастап 14 маусымға дейінгі мерзімге аң аулауға тыйым салынсын.
    4. Кәсіпшілік аңшылықты қоспағанда, құстар мен терісі бағалы аңдардың әр түріне тәуліктік алып қою мөлшерін бір аңшыға бес дараққа дейін шектеу қойылсын.
  2. «Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу

Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 2016 жылғы 26 шілдедегі №107 ө бұйрығына 7-қосымша

Жануарлар дүниесін қорғау және балық

шаруашылығы бөлімі туралы

ЕРЕЖЕ

  1. Жалпы ережелер
  1. “Жануарлар дүниесін қорғау және балық шаруашылығы бөлімі (әрі қарай — Бөлім) Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының (әрі қарай – Басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Бөлімнің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы бекітеді.

 

  1. Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары
  1. 4. Бөлімнің міндеттері:

1) Мемлекеттік орман қор жерлерінде жануарлар дүниесін қорғауды, өсімін молайтуды қамтамасыз ету;

2) Балық шаруашылығы су айдындары мен аңшылық алқаптардың резервтік қорындағы жануарлар дүниесін қорғау ;

3) Жануарлар дүниесін пайдалануды ұйымдастыру;

  1. 5. Бөлімнің функциялары:

1) Жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының Тізбесінің жобасын әзірленуін және облыс әкімдігіне бекітуге ұсыну;

2)Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi облыстық бюджеттік бағдарламаларды әзiрлеу және олардың iске асырылуларын қамтамасыз ету;

3) Жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен аңшылық алқаптарды алу, бекiтiп беру, табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнiнде шешімдердің жобаларын әзірлеу және қабылдауға енгізу;

4) Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі мәселе бойынша ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің қызметін үйлестіру мен бақылауды жүзеге асыру;

5) Бекітіліп берілген жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелерінде балық шаруашылығы субъектілері арасында балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қоюға арналған квоталарды бөлу жобасының әзірленуін және бекітуге енгізу;

6) Биотехникалық іс-шараларды жүргізу, жануарлар дүниесінің есебін жүргізуді қамтамасыз ету;

7) Жануарлар дүниесін пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу шешімдердің жобаларын дайындау;

8) Уәкілетті органмен келісе отырып, жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнінде шешімдердің жобаларын дайындау;

9) Бір облыстың аумағында орналасқан, жергілікті, халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын бекітіп беру бойынша конкурстар өткізу;

10) аңшылық шаруашылығының мұқтаждары үшін жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптарды бекітіп беру бойынша конкурстар өткізу;

11) Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру, сондай-ақ қолдан өсіру жөніндегі қызметті ұйымдастыру;

12) Балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің резервтік қорын қорғауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

13) Ғылыми ұсынымдар негізінде балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттауды жүргізу;

14) Рекреациялық балық аулау аймағын белгілеу, балық шаруашылығы учаскелерінің шекараларын белгілеу, ұйықтарды (ұйықтық учаскелерді) ашу және жабу;

15) Екі және одан да көп облыс аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми – зерттеу үшін аулау, сондай-ақ сирек кездесетін және құрып бара жатқан жануарлар түрін қоспағанда, жануарлар әлемін пайдалануға рұқсат беру;

16) Жануарларға ауырып қалған, бекітіліп берілмеген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде олардың қырылу қаупі төнген жағдайда оларға көмек көрсету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;

17) Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану – ғылыми және техникалық – экономикалық негіздемелерін әзірлеу, сондай-ақ техникалық – экономикалық негіздемені түзету тәртібі.

18) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдарда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады;

  1. Құқығы және міндеттері

Бөлімнің құқығы:

1) Өз құзыреті шеңберінде әрекет ету мақсатында қажетті ақпараттарды мемлекеттік органдардан, өзге мекемелерден және жеке тұлғалардан алуға және сұрау;

2) Өз өкілеттігі шегінде мәселелерді қарауға және олар бойынша шешімдер қабылдауға қатысуға, тиісті органдар мен лауазымды адамдардың оларды орындауын талап ету;

3) Бұқаралық ақпарат құралдарында бөлім қызметтеріне қатысты ақпарат жариялауға құқықты.

Бөлімнің міндеттері:

1) Бөлімнің қызметтік міндеттеріне тиісті материалдарды уақтылы дайындалуын қамтамасыз ету.

2) Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және олардағы мәліметтердің құпиялылығын егелерімен келісу, сенімдегі құпияның тарап кетуіне жол бермеу.

3) Бөлім құзыретіне қатысты ұсыныстарды, хаттарды т.б. уақтылы қарауды қамтамасыз ету.

4) Басшылыққа қаралған және дайындалған материалдарды қызметтік міндетіне сәйкес орындаушының бұрыштамасымен беру.

5) Мемлекеттік және еңбек тәртібін сақтау.

  1. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру
  1. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.
  2. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.
  3. Бөлім басшысы бөлімнің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.
  4. Бөлім басшысы осы мақсатта:

1) өзінің бас мамандарының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

2) Қазақстан Республикасының заңдарына және Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  1. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бөлім атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға бөлімнің басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.

 

 

 

 

 

Top