Екі айда 2 (екі) қасақылық фактісі тіркелген

Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты «Сапсан» жедел тобының негізгі позициясы жануарлар дүниесін қорғау, жедел әрекет етіп, заңсыздықтың алдын алу. Аты айтқандай, аталмыш топтың жеделділігі расында істерінен аңғарылды. Маусым-шілде айларында топтың арқасында 15 рейд жүргізіліп, 2 заңсыз броконьерлік фактісі анықталып отыр. Бұған дейінде топ өкілдері нәтижелі жұмыс көрсете келе қаншама айыппұлдар салынып, құрықталған қарулар заң жүзінде тиісті органдарға тапсырылды. Десе де, табиғат ананың тамашасын төртаяқты жыртқыштан емес, қанжығасын майлағысы келетіндердің қосауызды оқатарынан қорғаумен әлі де әлек болып келеді. Аңдарды көбейтіп, өңіріміздегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда аң басын көбейтуге қаншама күш салғанымен заңсыздық әлі де толастар емес. Бұл жайсыздықтардың алдын алу мақсатында топ өкілдері арнайы іс-шара ұйымдастырып, шара барысында біршама заңсыздықтардың алдын кесіп үлгерді. Оның бірі «Үмбет» ерекше қорғалатын табиғи аумағында орын алған. Топ өкілдерінің мәліметіне сүйенсек, аталған аумақта бір атты адам қаруымен 1 жабайы шошқа мен 1 борсыққа аңшылық жасап, арам пиғылын жүзеге асырып үлгерген. Шара барысында анықталғандай ұсталған азамат Ресей азаматтығын алған екен. Ұсталған азаматтың заңсыз әрекеті лезде қолға алынып, әкімшілік хаттамамен 881750,0 теңге айыппұл салынған. Ол ақшаның 176750,0 теңгесі өндіріліп, қалған соммасы сот ұйғаруымен өндірілуде.

Екінші оқиға «Меркі» ерекше қорғалатын табиғи аумағында тіркелген. Заңсыздыққа жол берген Алматы қаласының тұрғыны қаруын заңсыз алып шыққаны үшін айыппұл арқалады.Яғни, қаруына 50500 теңге айыппұл салынса, ҚР ӘҚБ кодексінің 382 баптың 3 бөлімімен әкімшілік хаттама толтырылып,176750 теңге сот шешімімен өндірілуде.


#ҚАСАҚЫЛЫҚПЕН_КҮРЕС
#ТАБИҒАТТЫ_АЯЛАЙЫҚ

Top

Egov