Орман шаруашылығы мамандарымен семинар –кеңес өтті

Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы және басқармаға қарасты орман шаруашылығы мекеме мамандарының қатысуымен тамыз айының 14 мен 15-ші жұлдызы аралығында Шымкент қаласында семинар-кеңес өтті.
Аталған шара БҰҰ Даму бағдарламасы экологиялық мониторинг бойынша сарапшысы Талғат Таукеновтың демеушілігімен бастау алған.
Шараның мақсаты – биоалуан түрлілік және экожүйелердің жай күйіне мониторингті геоақпараттық жүйелер мен технологиялар арқылы жүргізу, орман өрттерін ғарыштық суреттер негізінде бақылау, олардың алаңдарын есептеу, заңсыз кесілген ағаштардың орнын анықтау, жер серіктері арқылы түсірілген ғарыштық суреттер жүктелетін сайттармен жұмыс істеу барысына баулу.
Сондықтан мамандар аталмыш жиыннан қалыс қалмай тәжірибе жинап қайтты. Сонымен қатар, кеңеске Түркістан облыстық орман шаруашылығының мамандары да қатысып, екі жақты тәжірибе алмасты.

Top

Egov