Қазақстанда Белсенділер мен волонтерлердің экологиялық бастамаларының жол картасы əзірленді
Дүйсенбіде Нұр-Сұлтанда Волонтерлер жылы аясында республикамыздың түпкір-түпкірінен келген қоғам белсенділері мен волонтерлердің қоршаған ортаны қорғау проблемаларына арналған бірінші республикалық эко-слеті өткізілді.
Іс-шара нəтижесінде жол картасы жасалып, оған слет қатысушыларының барлық ұсыныстары мен бастамалары енгізілді.
«Еліміз эко-белсенділерінің бірінші республикалық слетін өткіздік. Волонтерлер жылында мұндай іс-шара өткізу алдағы мақсатымыздың игі болуына септігін тигізеді. Слетке қатысушылармен қоқыс сұрыптау, ҚТҚ-ны азайту, эко-тəрбие беру мəселелерін талқыладық», – деп жазды Қазақстанның Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев өзінің Twitter-дегі парақшасында.
«Кездесу нəтижесінде жол картасы құрылып, оған белсенділердің барлық бастамалары мен ұсыныстары енгізілді. Бұл бастамаларды жыл ішінде орындау үшін жұмыс істейтін боламыз», – деп атап өтті Экология министрлігі басшысы.
Бұдан басқа, министрдің айтуы бойынша, Birgemiz: Taza Álem атты жалпыұлттық жобаны бастауға, экология саласындағы волонтерлердің деректер базасы мен волонтерлерді әдістемелік қолдау орталығын құруға шешім қабылданған.
Мәлімет ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің әлеуметтік желісінен алынды: https://www.facebook.com/EcologyofKazakhstan
Top

Egov