Ұланбел ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Ұланбел ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі»

«Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Ұланбел ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2019 жылдың шілде айында Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 21 мамыр № 117 қаулысымен ашылды. Ұланбел ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі  Мойынқұм ауданының аумағында құрылған. Орман қорының жалпы көлемі 368086 гектар .

Ұланбел мемлекеттік орман қоры жерлерінің 01.10.2019 жылға көлемдері мен санаттары

Жер санаты 01.01.2018 жыл
га %
А Орман қорының жалпы алаңы 368086 100
1 Орманды алқап: барлығы 329194 89,4
1-1 Орманды жерлер/қамтылған/ 185216,1  
1-2 Жинақталмаған орман өкпелері
1-3 Тұқымбағы
1-4 Ормансыз жерлер 143978  
  Оның ішінде: – сирек орман 115283,5  
                            – өртенген жерлер 655  
                            – ағашы кесілген
                            – алаңқай 28039,5  
2 Ормансыз алқап 38891,9 10,6

 

Мекеменің орталық кеңсесі Ұланбел ауылында орналасқан. Мемлекеттік мекеменің орман қоры солтүстіктен оңтүстікке қарай 50 шақырым, шығыстан батысқа қарай 70 шақырымды алып жатыр.

Мемлекеттік орман қоры Мойынқұм және Сарысу сияқты екі физикалық-географиялық аймақта орналасқан.

Мойынқұм аймағы шөлейтті құммен бөлінген. Мұнда құммен қатар қамысты және қияқ тұқымдас шабындықтар кездеседі. Жалаңашталған құм төбелер сирек кездеседі. Құмның көп бөлігі шөпті өсімдіктер мен және бұталармен бекіген. Құм төбелермен жүйектелген құмдарда ақсексеуіл, жүзген және дәнді өсімдіктер өседі. Қара сексеуіл жүйектелген құм мен құмды- сазды топырақты жазықтардың шекараларында өседі.

Сарысу аймағы Қаратау бөктерінде орналасқан. Мұнда ырғай, итмұрын, сексеуіл т.б. кездеседі.

Мемлекеттік мекеме орналасқан ауданның климаты өте құбылмалы болып, құрғақ ауалы және жауын-шашынның өте аз түсуімен ерекшеленеді. Ауа райын бақылау барысында Ұланбел метеорологиялық бекетінің мәліметі бойынша алынды. (№1 кесте)

№1 кесте

Айлар Ауаның көпжылғы орта температурасы, градус Жауын – шашынның мөлшері, мм Белсенді суармалы кезеңдегі ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, %
Қаңтар -20 15  
Ақпан -16 17  
Наурыз 2 20  
Сәуір 15 25 35
Мамыр 18,2 18 28
Маусым 23,2 12 22
Шілде 26,0 5 30
Тамыз 23,4 2 25
Қыркүйек 16,8 5 21
Қазан 9,0 19 28
Қараша -5 22  
Желтоқсан -15 16  
Жыл 10,6 176  

Ең ыстық ай шілде болып табылады, бұл кезде орта температура  30-35 С аралығында ауытқып тұрады. Жоғарғы ауа температурасы жаз айларының барлығына тән болып күндізгі ауа температурасы 44-45 градусқа дейін жетеді.

Ең суық айларға желтоқсан-ақпан айлары жатады, бұл кезде ауа температурасы 15-25 градус болып, қаңтар айларында аяз 40 градусқа дейін болады.

Мемлекеттік мекеменің барлық аумағы бойынша салыстырмалы түрде аязды қыс пен аптаптты, ыстық, әрі созылмалы құрғақ жаз тән болып келеді.

Аязсыз кезең 160-180 күнге созылады.

Көктем айы температураның бірден жоғарлауымен және ауа райының аумалы-төкпелілігімен ерекшеленеді. Көктемгі аяздар орта есеппен сәуір айының екінші- үшінші он күндігінде аяқталып,  күзде қазан айының бірінші он күндігінде басталады.

Алғашқы қар желтоқсан айының бірінші он күндігінде жауып, орта есеппен қар қалыңдығы 16-18 см – ден аспайды.

Жауын – шашын  мөлшері әр жылда әрқалай болып 160-207 мм аралығында ауытқып тұрады. Жылдың әр маусымында да әр түрлі түседі.

Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы жылына орта есеппен 25-30 пайызды құрайды. Жылына ауаның салыстырмалы ылғалдылығының 30 пайыздан төмен күндер – 75 күн болса, ылғалдылығы  80 пайыздан жоғары күндер – 45 күн болады.

Мемлекеттік мекеменің аумағында батыс және солтүстік- батыс бағытындағы жел басым келеді. Жалпы тұратын жел санының 25 пайызы батыстар, 19пайызы солтүстік-батыстан қайталанады. Желдің орташа жылдық жылдамдығы 28 м/с құрайды.

Жаздың қуаңшылықты болуы мен жел жылдамдығының жоғары болуы шаңды боранның тууына жаңдай жасайды. Мемлекеттік мекеменің басым аумағында жылына шаңды боранды күндерінің саны 13-ке дейін жетеді.

Жаз айларындағы қуаңшылық күндер мен жоғары жылдамдықтағы желдер және жауын-шашынның аз түсуі орман дақылдары мен бұталы ағаштардың өсіп дамуына кері әсерін тигізеді.

Жер бедері мен топырағы

мелекеттік орман қорының негізгі бөлігі Мойынқұм құмының ортасында орналасқан.

Шөлейтті құмның жер бедері толқынды болып келеді. Биіктігі 5-15 метр болатын құмды төбелер мен жоталар солтүстік – батыс бағытына қарай созылып жатыр. Жер юедерінің жайғдайы мен төбелер мен жотадардың биіктігіне қарай құмдар төмендегідей екі топқа бөлінеді:

  • Жазықты құмдар
  • Жоталы-төбелі, жартылай бекіген құмдар.

Жазықты құмдар –  бұлар негізінен бірыңғай бедерлі болып келетін жекелеген толқынды жоталары бар аймақ. Құмды ұсақ түйірлі, әрі шаңды болып келеді. Мұнда құмайт топырақты тақыр жерлерді пайдалана отырып іріктеп қара сексеуіл екпелерін жасауға болады.

Жоталы – төбелі, жартылай бекіген құмдар жер бедерінің неғұрлым қиылысуымен, құмды жоталы қатарлардың және жазықтардың кезектесіп қайталануымен ерекшеленеді. Жер жамылғысы барлық құмдар бойынша ұсақ түйірлі, шаңды болып келеді. Мұндай жерлерде ақ сексеуіл екпелерін жасау қиынға түседі. Тақыр тәріздес топырақтар қара сексеуіл екпелерін жасауға қолайлы болып келеді. Мұндай алқаптар орман қорының оңтүстік бөлігінде кеңінен таралған.

Эрозиялық проуенсттердің алдын  алуда сексеуіл екпелері бағаланбас рөл атқарады. Тамырымен құмды бекіте отырып, бұталы және шөпті өсімдіктердің өсуіне жағдай жасап, топырақтың жоғары  қабатын бекіте отырып, оның жел өтінен, жалаңдауынан сақтайды.

 Орман қорының сипаттамасы.

«Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Ұланбел ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орман қоры І топты орманға және төмендегідей қорғаныштық санатына жатқызылған.

  • Мемлекеттік қорғаныштық орман жолақтары.
  • Жайылымдық ормандары.

Мемлекеттік қорғаныштық орман жолақтары мемлекеттік орман қоры жиегінің ауыл шаруашылығы құрылымдарының шекарасымен жүргізілген.

Мемлекеттік мекеменің аумағында өте сирек кездесетін археологиялық, мәдени және тарихи ескерткіштер, демалыс орындары жоқ.

Орман  күзет қызметкерлерінің құрамы.

Мекемеде штаттық кестеге сәйкес 27 қызметкер жұмыс істейді. Оның ішінде директор – 1, директордың орынбасары – 1, орманшы – 1, аңшылықтанушы – 1, орман қорғау инженері – 1, орман шебері – 1, заңгер -1, бас есепші – 1, орман күтуші – 10, орман өрт сөндіру станциясының басшысы – 1, өрт сөндірушілер -5,  радио-оператор – 1, тракторист – 1, көлік жүргізуші – 1 жұмыс атқарады. .   4 орман өрт сөндірушілері арнайы жазғы киіммен қамтылған. Өрт сөндірушілерде  арнайы қыстық киіммен қамтылмаған.

2 адам табельді қызметтік қарумен жарақталған.

Мемлекеттік орман күзеті, көлікпен және арнайы киіммен қамтамасыз етілуі.  

Атауы Бар Қажет
1 Мемлекеттік орман күзет саны 27  
  Соның ішінде орман күтушілер 10  
2 Көлікпен өамтамасыз етілуі    
  –         Мотоцикл 1  
  –         МТЗ тракторы 2  
  –         УАЗ  220695-330 1  
  –         Нива – Шевролье 1  
  –         Арнайы жаздық  қызметтік киім 12  
  –         Арнай қыстық қызметттік киім 16

Күзет үйлері, өрт – химия станциясы, өрт бақылау мұнаралары, бірінші кезектегі өрт сөндіру құралдары туралы анықтама.

Атауы Бар Қажет
1 Күзет үйі барлығы: 2  
  1 үйлік    
  2 үйлік 2  
  Күрделі жөндеуді қажет етеді 1  
2 Постылар 1 1
3 Өртке қарсы көрнекі тақтайшалар 9 5
4 Өртке  қарсы паннолар 2  

Ұланбел орман шаруашылығының өрт бақылау мұнарасын соғу 60-шы ормаға жоспарлануда.

Байланыс құралдары

Байланыс құралдары Бүгінгі күнге бары Қажеттілік
1 Тұрақты радиостанция 2 1

 

2 Жедел байланыс радиостанциялар 2 2

Байланыс құралы толық жұмыс жағдайында тұр.

01.07.2019 жылға Ұланбел КММ теңгеріміндегі автокөліктер, тракторлар және ауыл шаруашылығы құрылғылары.

Автокөліктер, тракторлар және ауыл шаруашылығы құрылғылары Саны Техникалық ахуалы
1 Нива – Шевролье 1 -*-
2 УАЗ 220695-330 (2012 жылғы) 1 -*-
3 Мотоцикл Үinxiang Yx205gy-c5c (2018 жылғы)   -*-
4 3 корпусты соқа (2010 жылғы) 1 -*-
5 Контейнер (кардон) 2 -*-
6 МТЗ тракторлары 2 -*-

МЕКЕМЕНІҢ ЕРЕЖЕСІ

 

 

 

 

 

 

Top

Egov