Жамбыл ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Жамбыл ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Мекеме кеңсесі:  Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Лесхозная көшесі, 2 «А»

Электрондық пошта:  jgu.leshoz@mail.ru

Индексі: 080016

Жамбыл ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі, орман қорының жалпы көлемі – 125787 га, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылы 10 ақпандағы №198 қаулысымен құрылған. Орман орналастыру жұмыстары 2017 жылы өткізіліп, мекеме 3 орманшылыққа бөлінген:

  1. Бескепе орманшылығы, жер көлемі – 111 582 га.
  2. Қызыл-Қайнар орманшылығы, жер көлемі – 14 082 га.
  3. Қала маңы орманшылығы, жер көлемі – 123 га.

Орман қорын мемлекеттік санаттары және жерлер бойынша бөлу

1 Жалпы көлемі 125787 га
2 Орманмен қамтылған 51183 га
3 Жайылымдық жерлер 64564 га
4 Егістіктер, тыңайған жерлер 194 га
5 Аланқай жерлер 4 га
6 Өртеңген жерлер 433 га
7 Шабындықтар 655 га
8 Жинақталмаған орман екперлер 270 га
9 Сирек ормандар 628 га
10 Жолдар орман соқпақтар 304 га
11 Сулар 12 га
12 Усадьбалар 44 га
13 Басқа жерлер/ прочие земли 7496 га

 Орманды күзету және қорғау жұмыстары

Ағымдағы жылы мемлекеттік орман қоры жеріндегі өртке қарсы профилактикалық жұмыстарға арналған 5,326 мың тенге бөлінді.

Орман қоры аумағындағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуінің 2020 жылға арналған басты іс-шараларының жоспары аудан әкімдігімен бекітіліп, орман өрттінің жылдам таралуына тосқауыл іс қою шара бойынша мынандай жұмыстар атқарылды:

  1. ұзындығы 600 шқ минералдық жолақтарға күтім жұмыстары жоспар бойынша мамыр айында атқарылды;
  2. Қала маңы орманшылығының «Қапшағай» бөлімшесінде ұзындығы 4,5 шқ минералдық жолақтар жасалынды;
  3. жанар-жағар қорлары жасақталынды:

– 1,5 тн бензин

– 1,5 тн дизель жанар майы.

Мекемедегі өрт қауіпсіздігі кезеңіне қарасты барлық құрал-жабдықтар толықтай жөнделіп, дайындық жағдайына келтірілген.

1 Трактор МТЗ – 80, 82 соқасымен 4 дана
2 УАЗ автокөлігі 5 дана
3 Нива автокөлігі 3 дана
4 УАЗ өрт сөндіру автокөлігі 1 дана
5 3 т цистерна 1 дана

2-үлгідегі ормандағы өрт сөндіру станциясы қызметі құрамында 9 жасақшымен жасақталған. Сонымен қатар, 2 дана 1-үлгідегі ормандағы өрт сөндіру станциясы қызметі құрылды, олардың құрамы әрқайсысы 4 жасақшыдан құралды, барлығы қызметтік киім және басқада жабдықтармен толықтай жабдықталды.

Кезекшілік үшін 3 тексеру бекеті жасақталынған:

  • Бескепе орманшылығының кіреберіс жерінде Ақмола бөлімшесінде:
  1. МТЗ-80 тракторы соқамен – 1 дана
  2. УАЗ таблетка автокөлігі – 1 дана
  3. 400 литр дизелдік жанар май
  4. 200 литр АИ-92 маркалы бензин қойылды
  5. 1 стационарлық рация;
  • Бескепе орманшылығының 16 орамында орналысқан Ақби штабында құрамында 1-үлгідегі ормандағы өрт сөндіру станциясының 2 жасақшы, 1 тракторшы, 1 жүргізуші, 1 орманшы-қорықшы, сондай-ақ:
  1. МТЗ-80 тракторы соқамен – 1 дана
  2. УАЗ патриот автокөлігі – 1 дана
  3. 200 литр дизелдік жанар май
  4. 200 литр АИ-92 маркалы бензин қойылды
  5. 1 стационарлық рация.
  • Қызыл-Қайнар орманшылығындағы Алмалы сайында құрамында 1-үлгідегі ормандағы өрт сөндіру станциясының 2 жасақшы, 1 тракторшы, 1 жүргізуші, 1 орманшы-қорықшы:
  1. МТЗ-80 тракторы 3 т. өрт сөндіру цистернасымен – 1 дана
  2. НИВА автокөлігі – 1 дана
  3. 100 литр дизелдік жанар май
  4. 100 литр АИ-92 маркалы бензин қойылды.

Мекеменің мемлекеттік орман қоры жеріне ағымдағы жылы өрт қауіпсіздігі кезеңіне 53-дана өртке қарсы көрнекті тақтайшалар жаңартылған, 4 дана тақтайша қосымша орнатылды.

Қазіргі таңда мекемеде 22 дана байланыс құралы тіркелген оның ішінде:

1 Стационарлық рация 8 дана
2 Транктік рация 5 дана
3 Портативтік қолда ұстап жүретін рация 6 дана
4 Автомобилдік рация 3 дана

Ормандағы өрт қауіпсіздігі туралы жыл басынан аудандық газетке 6 дана мақала жарияланды.

Орман ресурстарын пайдалану

Мемлекеттік орман қоры жерінде орман орналастыру құжаттары бойынша жайылымдық жерлер көлемі 64 564 га.

Мемлекеттік орман қоры жерінде отырған жер пайдаланушылардың барлығымен түсіндірме жұмыстары, өрттен сақтану ережелері, өртке қарсы күрес шаралары және үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп 85 жерпайдаланушы азаматқа арнайы парақшалар таратылды.

1 Қысқа мерзімді жайылымдық және рекреациялық мақсатқа берілген 70 адам 39 177,9 га
2 Ұзақ мерзімге мал жайылымы мен рекреациялық мақсатқа берілген 15 адам 5 011,57 га

2020 жылдың басынан жергілікті бюджетке орман пайдаланғаны үшін  2 155,2 мың теңге түсті.

Орманды молықтыру бойынша жұмыстары

2019 жылы наурыз айында Қала маңы орманшылығының Қапшағай бөлімшесінде 0,2 га алқапта қылқан жапырақтылар, яғни арша (можжевельник) және боз арша (туя) себілген. Сондай-ақ, 2019 жылы күзде жоспар бойынша 0,6 га жеріне сексеуіл тұқымбағы себілген, жағдайы жақсы, күтім жұмыстары жүргізілуде.

2020 жылдың мамыр айында 0,5 га алқапта қарағаш тұқымбағы себілген, күтім жұмыстары уақытында сапалы жүргізілуде.

2020 жылы наурыз айында Қала маңы орманшылығында 2000 дана боз арша (туя) және 2000 дана кәдімгі арша (можжевельник) мектеп бөлімі тігілді, жағдайы жақсы.

Орман қоры жерінде қасақылықпен күрес

Жыл басынан мемлекеттік орман қоры жерінде табиғат заңнамасын бұзған бойынша 32 рейдтік тексеру жүргізіліп, 28 орман және жануарлар дүниесінің заңнамаларын бұзған азаматтар анықталды, оларға әкімшілік құқық бұзушылық хаттамалар толтырылды, оның ішінде:

  1. орман қоры жерлерiнде заңсыз мал жаю (370-бап, 2-тармақ) – 4 хаттама – 16 096,5 теңге айыппұл салынып, толықтай өндірілді, келтірілген залал – 168 116,5 теңге, толықтай өндірілді;
  2. заңсыз балық аулау жүзеге асыру (383-бап, 1-тармақ) – 13 хаттама – салынған айыппұлы 176 810 теңге толықтай өндірілді;
  3. орман қоры жерлерiн тұрмыстық қалдықтармен ластау (372-бап, 2-тармақ) – 6 хаттама – 40 082,5 теңге айыппұл салынып, толықтай өндірілді, келтірілген залал – 5 451 теңге мөлшері толықтай өндірілді;
  4. аң аулау қағидаларын бұзу (382-бап, 1-тармақ) – 1 хаттама – ескерту берілді;
  5. орман қоры жерлерiнде заңсыз құрылыс тұрғызу (366 бап) 1 хаттама – ескерту түрінде хаттама толтырылды;
  6. ормандағы өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу (367-бап, 1-тармақ) – 3 хаттама – салынған айыппұлы 41 670 теңге толықтай өндірілді.

Ұсталған азаматтарға әкімшілік құқық бұзушылық кодексінде көрсетілген баптардың тармақтарына сәйкес жалпы құны – 173 568 теңге келтірілген залалдың шығыны және 274 659 теңге айыппұл салынып, толықтай өндірілді.

Мекеме қызметкерлері ормандарды молайту, орман қоры жерлерін көбейту мақсатында жыл сайын өтрке қарсы, орман қорғау, молықтыру және күзету жұмыстарын ұйымдастырады.

Ормандарды сақтау – барлық орманшылар үшін маңызды міндет. Орман байлығын құзыретті сақтау, қайта өңдеу және іске асыру – бұл мамандардың негізгі мақсаттары.

МЕКЕМЕ ҚҰРЫЛЫМЫ


Байланыс

Top

Egov