Жергілікті маңызы бар «Жуалы-Қарашат» мемлекеттік табиғи қаумалы

Жергілікті маңызы бар «Жуалы-Қарашат» мемлекеттік табиғи қаумалы Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 19 шілдедегі № 158 қаулысымен құрылған.

Аумақты қорғау «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Жуалы ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген.

Қаумал Жамбыл облысының Жуалы, Талас және Жамбыл әкімшілік аудандарының аумақтарында орналасқан.

Аумағы – 148 300 гектар.

Рұқсат етіледі:

а) жыл мезгілдері бойынша қаумал аумағында ғылыми, экологиялық-ағарту, туристік және рекреациялық мақсаттарда пайдалану, бал ара шаруашылығын жүргізу.

б) шаруашылық қызметтің реттелетін режимі бар учаскелерде жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметтің дәстүрлі түрлерін мемлекеттік қорық қорының табиғи кешендері мен объектілеріне зиянды әсер етпейтін тәсілдер мен әдістермен жүргізуге, сондай-ақ орман шаруашылығы қызметін жүргізу.

жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органның рұқсаты бойынша жануарларды ғылыми-зерттеу, өсімін молайту және мелиоративтік мақсаттарда жануарларды алып қою.

Тыйым салынады:

уәкілетті органның рұқсаты бойынша ғылыми-зерттеу, өсімін молайту және мелиорациялық мақсаттарда алып қою жағдайларын қоспағанда, аң аулауға, балықтарды қоспағанда, кез келген тәсiлдермен және құралдармен жануарларды аулауға, жануарлардың бөтен түрлерiн интродукциялауға, ұяларды, iндердi, апандарды және басқа да мекендеу орындарын бүлдiруге, жұмыртқалар жинауға;

мемлекеттік табиғи – қорық қоры мен табиғи кешен объектілерінің табиғи дамуы мен сақталуын бұзатын өзге қызметтерге

Қаумалға бару «Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2010 жылғы 1 қыркүйектегі № 555 бұйрығымен реттеледі.

 

 

Қаумалдың флорасы және фаунасы

Өсімдіктер мен жануарлардың тізімі билбордты безендіру кезінде ұсынылады.

Сенім телефондары: 8(7262) 45 15 03, 8 (7262) 436838, 8 (72635) 20492.

→ ОРЫСША НҰСҚАСЫНА ӨТУ

 

Top

Egov