Басшылық

Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшылығы

Оразбеков Аслан Ұланұлы
Оразбеков Аслан Ұланұлы 1975 жылы туылған, білімі жоғары.
1997 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетін «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1991 жылы Жамбыл облысы Меркі ауылындағы «Тұлпар» кооперативінде есепші болып бастаған.
Әр жылдары облыстық тәртіптік кеңесі хатшылығының мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың сақталуын бақылау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бөлімінде бас маман, консультант, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша басқармасы мемлекеттік қызметті кадрлық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы, тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінде тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі, басқарма бастығының орынбасары, департамент басшысының орынбасары,Жамбыл облысы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту бөліміндегі облыс әкімінің бас инспекторы, құқық қорғау органдарымен жұмыс және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.
2019 жылдың мамыр айынан бастап Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары – құқық қорғау органдарымен жұмыс және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы лауазымында қызмет атқарып келді.
2020 жылдың 28 қаңтарынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы қызметін атқарады.


Шыршынбаев Ғалымжан Әлімқұлұлы

Шыршынбаев Ғалымжан Әлімқұлұлы 1979 жылдың 28 мамырында Жамбыл облысы Жуалы ауданында дүниеге келген.

08.12.2000- 20.02.2001 Оңтүстік әскери округінің 03858 ә/б, ғимараттардың техник бақылаушысы.Тараз қаласы
20.02.2001 — 11.2002 Оңтүстік әскери округінің 03858 ә/б, қаржы жұмыстар жөнінде экономист. Тараз қаласы
11.2002 — 10.2003 Әскер қатарында
18.07.2005 — 09.07.2007 Жамбыл облысы әкімінің аппараты, кадрлық жұмыс бөлімінің бас маманы, жетекші маманы.Тараз қаласы
09.07.2007 — 30.07.2007 Жамбыл облысы әкімінің аппараты, ұйымдастыру-инспекторлық және кадрлық жұмыс бөлімінің жетекші маманы.Тараз қаласы
30.07.2008 — 04.03.2010 Жамбыл облысы әкімінің аппараты, әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің жетекші маманы, бас маманы. Тараз қаласы
04.03.2010-19.12.2013 Жамбыл облысы әкімінің аппараты, ұйымдастыру–инспекторлық бөліміндегі облыс әкімінің бас инспекторы. Тараз қаласы
19.12.2013 — 17.08.2015 Талас ауданы әкімі аппаратының басшысы. Жамбыл облысы, Қаратау қаласы.
10.12.2015 — 19.04.2016 Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы техникалық және білім бөлімінің бас маманы. Тараз қаласы
19.04.2016 — 11.01.2018 Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының әкімшілік, ұйымдастыру және персоналды басқару бөлімінің басшысы. Тараз қаласы.
11.01.2018 — 17.05.2019 Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ұйымдастыру, бақылау және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы қызметін атқарған.

17.05.2019 жылдан Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарады.


Әділбақов Айбар Күнтуұлы

Әділбақов Айбар Күнтуұлы 1974 жылы 9 сәуірде Жамбыл облысы Луговой ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары, 1991 жылы  Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік академиясына түсіп, «Экономист» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1994 жылдан Луговой ауданы , «Алғабас» өндірісті кооперативінде статист болып бастаған. 1996 жылдан бастап «Алғабас» өндірісті кооперативінде экономист болып қызмет атқарған.

1998-1999 ж.ж. — Жамбыл аудандық бюджеттік мекемелердің орталықтандырылған бухгалтериясында басшы орынбасары;

1999-2000 ж.ж. — Т.Рысқұлов ауданы, «Тәуекел — 98» ЖШС-де экономист;

2000 — 2001 ж.ж. — Тараз қаласы, «Жамбыл энергокомбинаты, ААҚ-да экономист;

2001 — 2002 ж.ж. — Т. Рысқұлов ауданы, «Нартәуекел — 2001» ЖШС-да бухгалтер;

2002 — 2004 ж.ж. — Байзақ ауданы әкімі аппаратының экономика басқармасының бас маманы;

2004 — 2005 ж.ж. — Байзақ ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау және кадрлық жұмыс бөлімінің бөлім меңгерушісі;

2005 жылы — Байзақ ауданы әкімі аппаратының кадрлық және мемлекеттік құқықтық жұмыс бөлімінің бөлім меңгерушісі;

2005 — 2008 ж.ж. — Жамбыл облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас маманы;

2008 жылы — Жамбыл облысы әкімі аппараты агроөнеркәсіп кешені мониторингін дамыту жөніндегі бөлімінің бас маманы;

2008 — 2010 ж.ж. — Облыс әкімінің бас инспекторы, Жамбыл облысы әкімі аппараты  ұйымдастыру — инспекторлық және кадрлық жұмыс бөлімі, Тараз қаласы;

2010 — 2018 ж.ж. — Жуалы ауданы әкімінің орынбасары;

2018 жылдың 27 маусымынан  бастап Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарады.

Top

Egov